Мінезді өзгертуге бола ма? ______________________ Көркем мінезге ұмтылу, көркем мінезділерді жақсы көру, сыйлау, оларға ұқсап бағуға тырысу – жазылмаған заңдылық. О баста Жәннат үшін жаралған жанның жақсылыққа асықпауы, жақсы болуға тырмыспауы ағаттық та шығар... Хош, әркім мінезін көркемдегісі келеді дейік. Бірақ, көркем мінез дегеннің не екенін ұғынып үлгердік пе? Мақсатқа жетуге амал жасау үшін нысанды, шығар шыңды біліп алу қажет емес пе? Олай болса, Құран мен сүннеттен топтастырылған төмендегі асыл сөздерден қажетіңізді алып қалғайсыз... Мінез дегеніміз – адам баласының болмысы. Мінез – адамның өзі тап болған кез келген жағдайда еркінен тыс шығатын іс-амалдары. Ислам ғұламалары мінезді екіге бөледі: 1. Жаратылысынан Алла берген, ана сүтімен дарыған мінез. 2. Адам өзі еңбектеніп, өзі қалыптастыратын, өзі табатын мінез. Біріншісін өзгерту мүмкін емес. Себебі, ол – ұлы Алланың құзырында. Бабамыз Жүсіп Баласағұн «Құрсақта біткен қылық қара жерге бірге енеді» деген екен. Ал екіншісін Құран, хадис, пайғамбарлар өмірбаянымен сусындау, ізгі, шыншыл адамдардың ізіне еру, Мұхаммед Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұстаз тұту, көркем мінезді адамдармен жолдас болу арқылы өзгерту әбден мүмкін... Шариғат осы мінездердің жақсысын одан әрмен көркемдейді, безендіреді, дамытады. Ал мінездердің жаманын жеңуге, жоюға, түп тамырымен құртуға көмектеседі. Мінез көркемделген сайын адамның басқалармен қарым-қатынасы дұрыстала түседі. Адамдардың оған деген махаббаты арта түседі. Және Алланың тарапынан болған махаббат та кемелдене бермек. Көркем мінездің екі түрі Көркем мінездің екі түрі болады. Бірі – Алламен қарым-қатынастағы, екіншісі – адамдармен қарым-қатынастағы көркем мінез. Алламен қарым-қатынастағы көркем мінез: Алланың әмірлері мен бұйрықтарына қарсылықсыз риза болу, мейірімі мен кешірімін сезіне отырып қабылдау, тыйымдарына көндігіп, жүрегінің сол нәрседен тыныштық табуы, өзінің разы екенін білдіру, одан жалыққандық, ұнатпағандық көрсетпеу, нәпіл жақсылықтарға құштарлығын көрсету және барлық құлшылықты кең жүрекпен, құлшыныспен атқарып, қуана-қуана ұмтылу. Адамдармен қарым-қатынаста болатын көркем мінез – өзінің құқықтары тапталып жататын болса, сол нәрсеге кешіріммен қарау, өз құқығын өзгеден талап етпеу, ашуланбастан кешіріммен қарау, басқалардың хақыларын өтеу барысында өзгеніңкін өзініңкінен артық қою. Мәселен, мұндай адам өзі ауырғанда мұсылмандар зиярат етпесе, сапардан келсе, ешкім қарсы алмаса, сәлем бергенде, сәлеміне жауап берілмесе, қонаққа барса, ешкім оған құрмет көрсетпесе, біреуден шапағат сұраса, ешкім көмектеспесе, жасаған жақсылығына алғыс айтылмаса, жиынға кіргенде ығыстырылып орын берілмесе, сөйлегенде басқалар үнсіз тыңдамаса, сұрағанда рұқсат берілмесе, шегеруін сұрағанда, қарызы кешеуілдетілмесе ренжімейді, кек сақтамайды, ашуланбайды, яғни, бір қалыптан екінші қалыпқа ауыспайды. Көңілі ортайғандай әрекетке ұрынбайды. Мінеки, дәл осындай олқылықтарда ішкі де, сыртқы да қалпы өзгермеген адам – нағыз көркем мінездің иесі. Алла мен адамның мақтауына ілігетін адам! Оның бойында қарапайымдылық, тақуалық, жақсылық тұнып тұр! Ізгі ғалымдардың бірі: «Алла Елшісі тақуалық пен көркем мінездің басын қоса білді. Себебі, тақуалық – адам мен Алланың арасындағы қарым-қатынасты дұрыстаса, көркем мінез – адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты түзейді. Аллаға деген тақуалық Алланың махаббатына жеткізсе, көркем мінез адамдардың махаббатына жеткізеді» деген екен. Құран аяттарынан: - «Солар тақуалар (жеңілдікте) де және қиындықта да (Алла разылығы үшін) жұмсайтындар, ашуын ұстайтындар және адамдарды кешіретіндер. Алла жақсылықты ықыласпен істеушілерді жақсы көреді» дейді. («Әли Имран» сүресі, 134-аят). - «Құлдарыма айт, олар ең жақсыны сөйлесін. Шын мәнінде, шайтан олардың арасына наз’ғ қылады (іріткі салып, бұзады). Анығында, шайтан – адам баласына анық дұшпан» («Исра» сүресі, 53-аят). Аят тәпсірі: Аса ұлы Алла иманға келгендерге жақсы, дұрыс сөз сөйлеуге бұйырды. Шайтан азғырып, дұрыс емес сөзді іс-әрекетке ұластырып, арты насырға шабуы мүмкін. Шайтан аса ұлы Аллаға қарсы шыққаннан бастап, оның Адам ұрпағына деген дұшпандығы жалғасып келеді. (Ибн Касир). Адам баласы қалаулары мен құмарлығын бағындырып жүгендемесе, олар адамды күнәға итермелейді әрі олар шайтанның адам жүрегіне кіретін есіктері болып табылады. (Саъди). - «Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатынын жақсы білеміз. («Му’минун» сүресі, 96-аят) Аят тәпсірі: Адамдардың жамандығына кең, кешірімді әрі сабырлы бол. (Ибн Касир). - «Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар (Көркем сөз әрі Құран дәлелдерімен). Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің Құдайымыз бен сендердің Құдайың – біреу әрі біз Оған бойсұнушымыз» деп» («Әнкабут» сүресі, 46-аят). - "Аллаға шақырып, әрі ізгі амал істеген"

Теги:

Теги других блогов: